АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМ

 

Дизайн жайлы ғылымның алға қарай жылжып, қадам басқаны соншалық, тапсырыс берушінің тілектері мен идеяларын қанағаттандыру барысында әлдебір стандартты және нақты ұсыныспен шектелу расымен де еш мүмкін болмай қалды. Сондықтан «Art Office Group» компаниясы сіздердің назарларыңызға ағаштан жасалған кез келген бұйымды дайындау қызметтерін ұсынады:

  • Экстерьердің объекті үшін (күркелер, таңдаулы үстелдер, сәкілер, бау- бақша декорының элементтері және т.б.)
  • Ұста бұйымдары (терезе жақтаулары, кіре беріс және бөлмеаралық есіктер, интерьер элементтері)
  • Барлығы жөндеу жұмыстары үшін (әртүрлі жақтаулар, декоративті жиектер мен жиектемелер және т.б.)
  • Бұл тізімге кірмей қалған, бірақ жүрегіңіз қалаған барлық нәрсе...



Ағаштан жасалған бұйымдар тапсырыс берушінің сызбасы бойынша ғана емес, ауызша сипаттама беру немесе сіздің фотомұрағатыңыз бойынша дайындалады. Біздің дизайнерлеріміз клиентті мұқият тыңдап, оның тілегі бойынша нобайын құрастырады. Дәлдігі жоғары құрал-жабдықтар біздің мамандарымыздың епті қолымен үйлесім тауып, клиенттің идеясы мен сызбасына толықтай сәйкес келетін нағыз өнер туындысын жасап шығарады. Ағаштың қабық астындағы қатты бөлігінің кез келген түрін ең қарапайым түрінен бастап, экзотикалық түріне дейін қолдану бұйымға көрнекті, салтанатты келбет береді. Ал өңделген, заманауи материалдарды пайдалану қолөнер бұйымына одан әрі кербездік пен сән үстей түседі.



БІЗГЕ СЕНЕДІ
Узнать больше