Главная » KZ » ҚЫЗМЕТТЕР » ЕСІКТЕР

ЕСІКТЕР

 

Алюминий есіктерінің артықшылықтары

  • Ұзақ мерзімділік – ең маңызды артықшылықтарының бірі
  • Беріктік пен төзімділік көрсеткіші бойынша алюминий есіктер тек қана металл есіктерден қалыс қалады.
  • Салмақтың аздығы ғимаратқа артық салмақ салмауға мүмкіндік береді
  • Экологиялық қауіпсіздік. Алюминийден жасалған кез келген қаптаманың полимерлі ұнтақты қорғанысы бар, бұл қосымша өңдеуді қажет                       етпеуімен ерекшеленеді
  • Үлкен салмаққа деген төзімділігі интенсивті эксплуатацияны да көтере алады
  • Қызмет көрсетудің қарапайымдылығы

«Тұтастай әйнектен жасалған есіктер» деген атаудың өзі есіктің қауіпсіздігі жоғары бөлінбейтін әйнектен жасалғандығынан хабар береді. Төсемнің қалыңдығы 8-ден 12 мм-ге дейін жетеді. Бұндай төсемдер еш шектеусіз кеңістікке визуалды түрде көлем беруге көмектеседі. Құрылым мынадай төрт классқа бөлінеді: біржақты, екіжақты есікті, сырылып ашылатын есікті, екі жаққа кең ашылатын жарма есікті. Бұндай есіктердің көркемдік бөлігі әртүрлі болып келеді: мүмкіндігінше өзі жабысатын материалдар көмегімен суретпен безендіруге, сондай-ақ әйнекті бірнеше түрде өңдеуге болады. Тұтастай әйнектен жасалған бөлмеаралық есіктердің басты артықшылығы мынада – олар ғимараттың көлемін визуалды түрде өзгертеді, жеңілдік сезімін құрайды және кеңістіктің үндесуін қалыптастырады.

  • Шу өткізбейтін қаптамамен, әйнекпен толтырылу мүмкіндігі бар
  • Металл есіктерінің ағаштан жасалған (МДФ, бағалы ағаш түрінен жасалған шпон) қаптамамен жалатылу мүмкіндігі бар
  • Есіктерді дайындау тапсырыс берушінің индивидуалды түрде белгілеген көлемі бойынша жүзеге асады
  • Фурнитураны сапасы мен бағасына қарай таңдау мүмкіндігі беріледі
  • Металл есіктерін кез келген түске RAL шкаласы бойынша бояуға болады

 

Қандай пәтер болмасын, оның пәтер ішіндегі есігі немесе кіре берістегі есігі міндетті түрде болады. Ағаш есіктер тамаша эргономикалық және эстетикалық көрсеткіштерге ие болып қана қоймайды, сонымен қатар олар ұзаққа шыдайды әрі сенімді.

Ағаш төсемдердің бірнеше түрін бөліп қарастыруға болады:

  • Қималы
  • Қималы «саңылаусыз» немесе шыныланған
  • Тұтастай қалқан немесе қуыс
  • Құрастырылған

 

  • Шу өткізбейтін қаптамамен, әйнекпен толтырылу мүмкіндігі бар
  • Өртке қарсы есіктер тек металлдан ғана жасалмайды, ағаштан да дайындалады
  • Есіктерді дайындау тапсырыс берушінің индивидуалды түрде белгілеген көлемі бойынша жүзеге асады
  • Біз есіктеріміз үшін арнайы фурнитура қолданамыз
  • Кез келген түске RAL шкаласы бойынша бояуға болады
  • Қауіпсіздік стандарттарына сай

Риза кейіппен дүкеннен шығып бара жатқан клиентке қалай көмектесе аламыз? Дұрыс-ақ... Оның алдынан есікті айқара ашу керек! Автоматты түрде қозғалатын есіктер – келушілердің еркін және ыңғайлы қозғалуын қамтамасыз етудегі тамаша шешім болмақ.

Автоматты түрде қозғалатын есіктердің қандай артықшылығы бар

  • Келушіні қысылып қалудан қорғайды
  • Екі жағына ашылатын есіктің өзара қабысуының жоғары дәрежедегі тығыздығы үй-жайдың ішіндегі жылулықты не салқындықты сақтайды, ішке             шаң-тозаң мен айғай-шудың кіруіне кедергі жасайды.
  • Жұмыс температурасының кең диапазоны
  • Сыртқы механикалық әсер етуден жоғары деңгейде қорғауы
  • Ашылып, жабылған кездегі жылдамдықтың өзгеруі
  • Өтетін жердің кеңдігінің өзгеріп тұруы
  • Құлыпты қосқандағы «Үнемі ашық», «Жабық» режимдерінің болуы, «Тек шығуға болады, кіруге тыйым салынған» режимі (мысалы, дүкен жабық             тұрған кезде.)
  • «Анти шу шығару» авариялық ашылу жүйесі



Сондай-ақ біз карусель (револьвер) автоматты есіктерін ұсынамыз. Біздің дизайнерлік жетістіктеріміз клиенттің 100-ден аса түсті таңдауына мүмкіндік береді, бұл ең талапшыл тұтынушының да көңілінен шығады.

БІЗГЕ СЕНЕДІ
Узнать больше

Закажите звонок