Главная » KZ » ҚЫЗМЕТТЕР » ӘЙНЕКТЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМ

ӘЙНЕКТЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМ

 

Сәулет өнерінде әйнекті қолдану заманауи дизайнның жаңа маңызды кезеңіне айналды. Ол несімен сонша тартымды?

    • Әйнек табиғи жарықты өткізеді және ультракүлгін сәулелерін ұстап қалады.
    • Орынды аз алады
    • Берік және экологиялық таза материал болып табылады



          Бүгінгі таңда көптеген дизайнер шешімі визуалды жеңілдік пен архитектураның жарықтануына бағытталған. Бұл есік алды шатыры мен жалпы шатырға да қатысты. Әйнектен жасалған құрылымдар жаңбыр болсын, қар болсын, бұршақ болсын, жағымсыз атмосфералық ықпал етуден қорғай алатын қасиетке ие. Олар жарықтың ішке енуіне кедергі келтірмейді... Әйнектен жасалған есік алды шатыры немесе жалпы шатыр кез келген архитектура стилімен үйлесім тауып кете алады.



    «Art Office Group» 

           компаниясының мамандары кез келген ғимараттың фасадын көркемдеп, стильді айқындай білетін экстерьердің шын мәнінде элегантты, салтанатты элементін жасап шыға алады.

    Өндіріс саласындағы алға жылжушылық, прогресс үйреншікті материалдарды үйреншікті емес орындарда қолдануға мүмкіндік берді. Осылайша, ең көп танымалдылыққа әйнек едендер ие болуда. Бұндай құрылым мүлде сенімсіз болып көрінуі мүмкін, бірақ расымен олай емес. Шын мәнінде, бұндай едендер сапасы жөнінен ағаш, плита немесе басқа жабындардан асып түседі, сыртқы келбеті болса, көңіл-күйді көтеретін әсер үстейді. Бұл құрылымда ерекше дайындалған әйнек – көп қабатты және өте берік триплекс пайдаланылады. Әйнек едендер жүйесі жиектемелі каркаспен немесе тәуелсіз нүктелі бекітумен құрастырылады, бұл құрылымды механикалық және соққы салмағына шыдамды етеді. Әйнектің әртүрлі түспен сәйкесуі, декоративті толықтыруларды енгізу, көмескі жарықты қолдану еденнің үстіндегі жапқыш құруға ғана емес, «сурет салуға» және дизайнердің үздік туындысын жасап шығаруға мүмкіндік береді.

    Келушіні немесе қонақты қалай таңғалдыруға болады? Ең алдымен – интерьер арқылы. Дизайнер шешімдері бұған көмектеседі. Танымал материалдарды жаңа пішін мен жаңа түрде қолдану өте маңызды болып отыр. Бұл әйнекке де қатысты. «Art Office Group» компаниясы сол материалдан жаңа пішін мен жаңа түрдегі бұйым жасап шығару қызметін ұсынады. Біз сіздің интерьер туралы түсінігіңізді өзгертуге дайынбыз. Біздің мүмкіндігіміздің ішіне әйнекті майыстыру, бояу, сурет салу, қабықша жабыстыру жұмыстары кіреді. Керек болған жағдайда жоғары дәрежедегі қауіпсіздікті құрап, әйнекті брондау жолымен оның беріктігін ұлғайтуға дайынбыз. Барлық жұмыс заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтың көмегімен жүзеге асады, бұл дайын болған өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. «Art Office Group»  компаниясының мамандары клиенттің барлық тілегіне назар аударып, қойылған тапсырманың ең қолайлы шешу жолдарын ұсынады.

    БІЗГЕ СЕНЕДІ
    Узнать больше

    Закажите звонок