Қоршаулар

 

Кейде бір жұмысты орындау үшін жинақталу қажет болған жағдайда, сыртқы әлем мен кеңістіктен оқшау қалып, шектелуге тура келеді, тапсырмамен оңаша қалу керек болады. Көршіден қалай оқшаулануға болады?

Бұл жағдайда сізге каркас қоршаулары көмекке келеді.

  •  Толықтай визуалды түрде шудан оқшаулану
  •  Беріктік пен сенімділік, бұл қоршауды қосымша жиһаз аксессуарларын ілуге және жұмыс жасайтын кеңістіктің пайдалы алаңын көбейтуге                      қолдануға мүмкіндік береді
  •  Ұзақ уақыт қызмет көрсетуі және төзімділігі. Құрылым алюминий немесе металл каркасынан жасалып, шу өткізбейтін материалмен толтырылады
  •  Пішін мен көлемнің бір текті еместігі. Біз каркас кеңсе қоршауын әр клиенттің индивидуалды талабы бойынша, интерьер ерекшелігін және                      әркімнің жеке көзқарасын ескере отырып дайындауға әзірміз
  •  Тұтас әйнекті есіктермен, ағаш есіктермен және алюминий жиекті есіктермен үйлесуі
  •  Дизайнер ойының еркіндігі. Өңдеудің көмегімен қатаң біртүстіліктен қымбат немесе қалта көтеретін бағадағы материалдарды қолдана отырып,              мәнерлі келбетке жетуге болады



Енді тек кездесуді ақылдасу үшін біздің компанияның менеджерлеріне хабарласуыңыз ғана қалды. Мамандар сол арада жобаны барынша орынды құрауға және үй-жайдың дизайнын жасауға көмек береді.

Бұндай қоршау қандай болады? Атының өзі-ақ айтып тұрғандай, бұл ерекше өңделген әйнектен дайындалған күңгірт немесе мөлдір құрылым болуы мүмкін. Сипаттамасын айтсақ, ол барынша мөлдір, қарапайым, артық элементтерден аулақ болуы керек. Сондай-ақ ғимараттың барлық биіктігін қамтамасыз ететін жапсарсыз әйнек қабырғасы болады. Бұндай кеңсенің қоршауы кербездік, мөлдірлік, еркіндік сияқты қасиеттерге ие. Оны дайындауға арнайы өңдеуден өткен 8-12 мм. әйнек қолданылады. Қоршаудың бұл түрі тұтасәйнекті, ағаш есіктерге, сондай-ақ алюминий жиекті есіктерге пайдаланылады.

Мөлдір шекаралардың оңашаланған бөлмелерге қарағанда, әріптестердің өзара қарым-қатынас жасауына әсер етпейтіні белгілі. Кеңсе қоршаулары – кеңістік пен жұмыс процесін ұйымдастыру барысындағы заманауи басшының жақсы шешімі.

Жиһаз қоршаулары – кеңседегі жұмыс процесін дұрыс ұйымдастырудағы және интерьерді заманауи стильде безендірудегі керемет шешім. Ол әр қызметкерге жеке ыңғайлы орын құрауға мүмкіндік береді, соған қарамастан ғимаратта жеткілікті ашық кеңістік қалып, тұйықталу әсерін сездірмейді.

Жиһаз қоршауының артықшылығы

  • Бекітуді қажет етпейді.
  • Оңай орналастырылады және өз көзқарасыңа сай басқа жұмыс орнына арнайы мамандардың көмегінсіз конфигурацияланады.
  • Нұсқаларды таңдаудың көптігі. Жиһаз қоршауының әртүрлілігі: әйнек, ЛДСП,
  • Сіздің ғимаратыңызды стильді әрі жайлы етуге мүмкіндік беретін түс гаммасын таңдаудың көптігі.



Жиһаз қоршауына «Art Office Group» компаниясы арқылы тапсырыс беріңіз, кедергісіз, жемісті еңбек етуге, барынша көп қайтарыммен жұмыс істеуге мүмкіндік бергеніңіз үшін, жақсы жабдықталған жұмыс орны үшін қызметкерлеріңіз сізге алғыс айтатын болады.

Конференц-зал, холл, оқу орны аудиториясын, көрме ғимаратын немесе мейрамхана залын негізгі қабырғасыз бөлуіңіз керек болды ма? Бұл жағдайда сіз үшін нақты ситуацияға байланысты кеңістікті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін артықшылығы бар өзгермелі, жылжымалы қоршау жақсы шешім болмақ. Бір қимылдың арқасында функционалды тәуелсіз ғимарат біртұтас орынға айналып шыға келеді және керісінше. Өзгерту процесі өте қарапайым және уақытты да аса көп алмайды. «Art Office Group» компаниясының өзгермелі қоршауы жеке құпия кеңістікті құруға мүмкіндік беретін шу өткізбейтін қасиетке ие (56 Дб-ға дейін). Индивидуалды талапқа орай, өзгермелі қоршаудың әйнек немесе ЛДСП, МДФ сияқты саңылаусыз толтырылған, ГКЛ ванильді қаптамасы бар, панель, шпон жалатылған ағаштың бағалы түрі, сондай ақ мата материалды сияқты көптеген түрі бар.

Кеңсе басшылары мен коммерциялық ғимарат иелері өздеріне бағынышты жандар мен келушілердің ыңғайлылығын ғана емес, қауіпсіздігін де ойлағандары жөн. Бұл орайда үнемдеуге болмайды.

Өртке қарсы қоршау өртті тез сөндіруге, үй-жайдың ішіне түтін толып кетудің алдын алуға мүмкіндік береді. Демек адамдарды эвакуациялау үшін уақыт көбейеді, материалды шығын мөлшері азаяды, өрт салдарының қайғылы аяқталуы азаяды.

Өртке қарсы құрылымдардың тиімділігін анықтайтын нақты өлшемдер бар. Бұл белгілі бір уақыт ішінде құрылым беріктілігінің сақталуы мен өртті өткізбейтін қасиетіне байланысты.

«Art Office Group» компаниясының өртке қарсы қоршауы сенімділіктің жоғары көрсеткішіне ие, EI-15, EI-30, EI-45, EI-60 болсын немесе EI-120 болсын, өртке қарсы 15, 30, 45, 60 немесе сәйкесінше 90 минут бойы шыдап тұра алады.

Кеңсе, өндіріс орындарындағы сантехникалық бөлмелерге және қоғамдық орындарға стандартты түрде қолдануға арналған.

Суға төзімді ЛДСП, компакт-пластик, бағалы ағаш түрінің шпоны жалатылған әйнек немесе панельден дайындалады. Тапсырыс берушінің қалауы бойыша, фактура мен түсі, сондай-ақ фурнитураның үлгісі таңдалуы мүмкін.

Біздің сантехникалық қоршауымыз – бұл…

  • Қызмет көрсетудің қарапайымдылығы.
  • Құрылымды ұзақ уақыт бойы пайдалану.
  • Арзан баға.
  • Әдемі сыртқы келбет.



«Art Office Group» компаниясына хабарласа отырып, Сіз сантехникалық қоршауларды ең аз мерзімде және тиімді бағада ала аласыз. Стандартты түрлендіруден бөлек, сіздің өлшеміңіз бен өзіңіз таңдаған дизайнға сай дайындалуы мүмкін.

      Бүгінгі таңда кеңістік үшін күрес жүріп жатқанда, әр шаршы метр маңызды. Заманауи үйде де солай: кеңістік пен еркіндік бағасы күн санап өсуде. Еврожөндеумен қатар, көбіміз жайлы да ыңғайлы өмірді гигиена бөлмесіндегі алдыңғы орындардың біріне жайғасқан жуынатын бөлме кабинасысыз елестете алмаймыз. Бұл сәттіліктің құпиясын түсіндіру қиын емес:
      • Шағын көлем
      • Жайлылықты арттыру үшін қосымша техникалық шешімдерді қолдану мүмкіндігі
      • Үнемділік — су шығыны 80%-ға дейін азайып, гигиеналық процедураларға уақыт аз кетеді
      • Жеңілділік, күтімнің қарапайымдылығы мен тазалықты сақтауы
      • Ұзақ мерзімділік — заманауи материалдар түсін, пішінін өзгертпейді, сырылмаған, ұсақ зақымдалу белгілері де жоқ
      • Косметикалық процедураларды ыңғайлы отырып жасауға мүмкіндік беруі
      Бүгінде жуынатын бөлме кабинасы – жуынатын орын ғана емес, интерьердің бір бөлігі де. Дизайн, көлем, конфигурацияның шегі жоқ деуге болады, бұл кабинканы жуынатын бөлмедегі өзіңіз ыңғайлы деп тапқан орынға орналастыруға мүмкіндік береді.
БІЗГЕ СЕНЕДІ
Узнать больше

Закажите звонок