ВИТРАЖДАР, ФАСАДТАР

 

Заманауи сәулет өнерінің негізгі элементі бетон мен әйнектің үйлесім табуы болып саналады. Бетон ғимаратқа беріктік береді, ал әйнек визуалды жеңілділік пен жарықты жоғары дәрежеде өткізу қасиетіне ие. Шынылаудың нұсқалары әртүрлі:

  • Тіреуіштік-ригель жүйесі. Кез келген сәйкес келетін түске боялған алюминий профильдерінен ішіне әйнекпакеттері орнатылған каркас құралады.           Қаржылай түрде біршама қолайлы құрылым. Монтаж жасау қарапайым
  • Жартылайқұрылыс жүйесі. Әйнекпакеттері көлденең бағытталушыға салынып, құрылымды силиконға бекітіледі
  • Спайдерлі жүйе. Әйнекті бекітудің каркас қолданылмаған жүйесі олардың бір-біріне тығыз қабысуының арқасында жабдықталады. Тігістері                   силиконды герметикамен жалғанады



Не таңдасаңыз да, іші жылуға толы, жарық, ал сырты көрнекі заманауи құрылысқа ие боласыз.

Сәулет өнерінің техникалық прогресспен бірге алға жылжуы жаңа бөлек фасадты материалдардың жарық көруіне себепші болуда. Бұндай шешімнің өзіндік артықшылықтары бар:

  • Атмосфераның ықпал етуіне ұшырамаған
  • Қабырғаны қосымша дайындау жұмыстарын қажет етпейді, қабырғаға бекітілген тор ағаштарға немесе ғимараттың қабырғасына тікелей                         бекітіледі
  • Жұмысты жылдың кез келген мерзімінде жүргізуге болады
  • Ғимараттың тозуын визуалды түрде жасырады және ары қарай қирауының алдын алады
  • Түрлі материалды имитациялау
  • Полимерлі жабынды металл панелі. Түрлі түстегі полимерді жабынды алюминий немесе мырышпен қапталған панель. Салмағы жеңіл,                         құрастыруы, яғни монтажы қарапайым, бағасы төмен, сыртқы келбеті көрнекі
  • Талшықты-ағашты фасадты панельдер. Ағаштың қабық астындағы қатты бөлігінің талшығы полимерлі құрам қосылғанда нығыздалады. Табиғи             ағаш текстурасы бар, монтаж жасау ісі қарапайым
  • Көбіктенген полиуретаннан жасалған панель. Кез келген өңделген материал имитацияланады. Гидрофобты, өртке қауіпсіз. Экологиялық түрде             таза
  • Табиғи тастар мен керамограниттен жасалған панель. Табиғи тастардың толықтай сипатына ие болады

Ілме фасадтардың негізгі артықшылығы эстетикалық тартымдылығынан бөлек, монтаждың, яғни құрастыру жұмыстарының жеңіл және арзан жасалуында. Ілме фасадтар жылытқыштың түр-түрін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл орайда сыртқы декоративті бөлігі мен ішкі жоғарғы қабатында желдетілген ауа саңылауы пайда болады, бұл жылу өткізбейтін материалдардың жұмысын бірнеше есеге күшейтеді, қыста іштегі жылулықты жақсы сақтаса, жазда аптап ыстықтан қорғайды. Біздің фасадты жүйелеріміз беріктігі мен ұзаққа жарамдылығы жағынан бетондардан түк те қалыс қалмайды, сондай-ақ олардың сыртқы келбеті көрнекі әрі стильді. Фасад экстерьердің басқа да элементтерімен үндесіп, үйлесім табуы үшін «Art Office Group» компаниясы материалдардың көп вариативтілігі мен алуан түсін ұсынады. Қоңырау шалыңыз, біз сіздің қоңырауыңызды күтеміз және өлшем жұмыстарын жүргізуге қазір-ақ шығып кетуге дайынбыз.



БІЗГЕ СЕНЕДІ
Узнать больше